Мазмұнға өту
Жезқазған қ., Ыскақ Анарқұлов к., 17 Дс. – Жм.: 08:00 – 17:00 kmd@kazakhmys.kz

ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық департаменті басшысының орынбасары Айдар Қуатұлы Имакаевпен сұхбат. Жарияланған күні: 2024 жылғы маусым.

≈ 5 мин оқу

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық департаменті басшысының орынбасары Айдар Қуатұлы Имакаевпен сұхбат

Қысқаша негізгісі

5жұмыс күнітехникалық шарттарды беру мерзімі
0 ₸ақы алынбайдыТШ беру және қайта ресімдеу тегін
≈5жұмыс күніқұрылыстан кейін желіге қосу
Сұхбаттағы сұрақтар 9
  1. Айдар Қуатұлы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі электр желілеріне қосылу процесін оңайлату үшін жалпы қандай…
  2. Электр желісіне қалай қол жеткізуге болады? Неден бастау керек және тәртіп қандай құжаттармен реттеледі?
  3. Техникалық шарттар қандай мерзімде беріледі?
  4. Салынып жатқан объектілерге техникалық шарттар қажет пе?
  5. Техникалық шарттарды беруден бас тарту көзделген бе?
  6. Техникалық шарттарда не көрсетіледі, техникалық шарттарды бергені және қайта ресімдегені үшін ақы алына ма?
  7. Егер тұтынушы техникалық шарттарда белгіленген талаптармен келіспесе, не істеу керек?
  8. Жеке тұлғалар үшін электр қондырғыларына жобалау құжаттамасы қажет пе?
  9. Энергия беруші ұйым тұтынушыны электрге қандай мерзімде қосады және бұл қалай жүзеге асады?

ulytau.kaenk@energo.gov.kz

Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу рәсімін, электрмен жабдықтау сапасын және электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға, тұтынушыларға электр энергиясын жеткізудегі іркілістерді азайтуға бағытталған Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнама нормаларын түсіндіреміз. Оқырмандар назарына мынаны ұсынамыз.

Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу рәсімін оңайлату және электр энергиясының сапасын жақсарту мақсатында Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне бірқатар өзгерістер енгізді. Соның ішінде ҚР «Электр энергетикасы туралы», «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар).

Сұрақ 1

Айдар Қуатұлы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі электр желілеріне қосылу процесін оңайлату үшін жалпы қандай шаралар қабылдап жатқаны туралы айтып беріңізші? Электрмен жабдықтау сенімділігінің төмен сапасы үшін заңнамада қандай шаралар көзделген?

Жауап

Соңғы жылдары елімізде қазақстандық бизнестің электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу жағдайын жақсартатын маңызды реформалар жүзеге асырылды. Электр энергетикасы саласындағы заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мысалы, Қағидаларға сәйкес электрмен жабдықтау желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру мерзімдері қысқартылды.

Жыл сайын мүдделі тараптармен бірлесіп тұтынушылардың энергия кәсіпорындарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын азайту жөнінде шаралар қабылданады, түрлі тетіктерді қарастырамыз. Бұрын «құрылыс-монтаж жұмыстарына рұқсат» сияқты бірқатар рұқсат беру рәсімдері алынып тасталды, енді жобалаушыға мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына жұмыстың басталғаны туралы хабарламаны электрондық түрде жіберу жеткілікті; «мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органынан электр желілеріне қосылуға рұқсат» алынып тасталды, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалануға беру алдында энергетикалық сараптама жүргізу қажеттілігі жойылды. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар үшін электрмен жабдықтау шартын жасасудың үш күндік мерзімі белгіленді.

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі энергиямен жабдықтаушы ұйымның тұтынушымен электрмен жабдықтау шартын жасасудан бас тартқаны, электрмен жабдықтау сенімділігі көрсеткіштерінің белгіленген мәндерін сақтамағаны және энергия беруші ұйымдар үшін желілерге қосылуға техникалық шарттар беру мерзімдерін бұзғаны үшін жауапкершілікті көздейтін баптармен толықтырылды.

Сұрақ 2

Электр желісіне қалай қол жеткізуге болады? Неден бастау керек және тәртіп қандай құжаттармен реттеледі?

Жауап

Жалпы электрмен жабдықтауға қол жеткізу процесі, қосылу тәртібі, техникалық құжаттаманы алу және тұтынушы мен энергия кәсіпорнының өзара қарым-қатынасы Қағидалармен реттеледі.

Ең алдымен электр желісіне қол жеткізу үшін тұтынушы өзі қосылуды жоспарлап отырған желілердің иесі – энергия беруші ұйымға техникалық шарттар алу үшін өтінішпен жүгінуі қажет. Техникалық шарттармен бірге энергия кәсіпорны тұтынушыға теңгерімдік тиесілікті және тараптардың пайдалану жауапкершілігін бөлу актісін береді. Одан кейін осы құжаттарды алып, құрылыс жобасы бекітілгеннен кейін тұтынушы өз объектісінің электрмен жабдықтау жүйесін салуға және монтаждауға тікелей кіріседі.

Сұрақ 3

Техникалық шарттар қандай мерзімде беріледі?

Жауап

Қағидалардың талаптарына сәйкес энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан өтініш алғаннан кейін жаңадан енгізілетін немесе реконструкцияланатын электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттарды 5 (бес) жұмыс күні ішінде береді.

Сұрақ 4

Салынып жатқан объектілерге техникалық шарттар қажет пе?

Жауап

Иә, қажет. Құрылыс кезеңіне тұтынушыға уақытша техникалық шарттар беріледі.

Сұрақ 5

Техникалық шарттарды беруден бас тарту көзделген бе?

Жауап

Энергия беруші ұйымның электр желілеріне немесе энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларына қосылудың техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайда техникалық шарттар берілмейді.

Желілер немесе қосылудың техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайда техникалық шарттар жобаланатын желілердің иесімен техникалық шарттарды келіскеннен кейін жобаланатын желілерден беріледі.

Сұрақ 6

Техникалық шарттарда не көрсетіледі, техникалық шарттарды бергені және қайта ресімдегені үшін ақы алына ма?

Жауап

Техникалық шарттарды қайта ресімдегені үшін ақы алынбайды.

Қағидаларда тұтынушыны энергия беруші ұйымның электр желілеріне немесе энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларына қосуға арналған техникалық шарттардың мәтінінде қамтылатын талаптардың толық тізбесі белгіленген. Электр желісіне қосылуға өтінім берген тұтынушыларға Қағидалардың 17-тармағында көрсетілгендерден басқа қосымша талаптар қою заңсыз екенін атап өтеміз.

Сұрақ 7

Егер тұтынушы техникалық шарттарда белгіленген талаптармен келіспесе, не істеу керек?

Жауап

Қағидалардың 18-тармағына сәйкес техникалық шарттарда көрсетілген талаптармен келіспеген жағдайда тұтынушы энергетикалық сараптама жүргізу үшін сараптама ұйымына жүгінуге құқылы. Сараптама ұйымы белгіленген талаптардың негізділігін айқындайды және энергетикалық сараптама қорытындысын береді, тұтынушы онымен энергия кәсіпорнына қайта жүгінуге құқылы.

Талаптарды өзгертуден бас тартылған жағдайда тұтынушы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның әрекеттеріне Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.

Сұрақ 8

Жеке тұлғалар үшін электр қондырғыларына жобалау құжаттамасы қажет пе?

Жауап

Тұтынушылар (жеке тұлғалар) кернеу беру туралы энергия беруші ұйымға жүгінген кезде электр қондырғыларына жобалау құжаттамасы талап етілмейді, оның қажеттілігі ҚР «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының талаптарымен (инженерлік инфрақұрылым объектілерін салу, жобалау, реконструкциялау, сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметіне жататын жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) орындау кезінде) негізделген жағдайларды қоспағанда.

Сондықтан, егер оның міндетті түрде болуы Заңда көзделмесе, жобалау құжаттамасы болмаған кезде энергия беруші ұйымның тұтынушыға – жеке тұлғаға кернеу беруден бас тартуы заңсыз болып саналады.

Сұрақ 9

Энергия беруші ұйым тұтынушыны электрге қандай мерзімде қосады және бұл қалай жүзеге асады?

Жауап

Бұл тәртіп Қағидалардың 21-тармағымен реттеледі. Қысқаша айтқанда, құрылыс аяқталғаннан кейін құрылыс-монтаж ұйымы немесе тұтынушы техникалық шарттарды берген ұйымға олардың орындалғаны туралы хабарлайды. Энергия беруші ұйымның өкілдері тексеру жүргізеді және ескертулер болмаған жағдайда кернеу береді және есептеу аспабын пломбалайды. Одан кейін энергия беруші ұйым өзінде бар тұтынушының техникалық құжаттарын электрмен жабдықтау шартын жасасу үшін энергиямен жабдықтаушы ұйымға өз бетінше жібереді.

Жалпы алғанда бұл процесс барлық құрылыс жұмыстары жобадан ауытқусыз және энергия беруші ұйым берген техникалық шарттарға сәйкес жүргізілген жағдайда шамамен 5 (бес) жұмыс күнін алады.

Әңгімеңізге рахмет!

Барлық жарияланымдар