Мазмұнға өту
Жезқазған қ., Ыскақ Анарқұлов к., 17 Дс. – Жм.: 08:00 – 17:00 kmd@kazakhmys.kz

ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық департаментінің хабарламасы

≈ 4 мин оқу

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі – Департамент)

Электр желілеріне қосылу: 4 қадам

  1. 1Өтініш және сауалнама парағыЭнергия беруші ұйым техникалық шарттарды 5 жұмыс күнінде тегін береді
  2. 2ҚұрылысЖоба және монтаж техникалық шарттарға сәйкес жүргізіледі
  3. 3Хабарлама және тексеруДайындық туралы хабарламадан кейін 2 жұмыс күнінде тексеру
  4. 4Кернеу беру3 жұмыс күнінде кернеу беріліп, есептеу аспабы пломбаланады

мынаны хабарлайды.

Қазіргі уақытта объектіні электр желілеріне қосу үшін тұтынушыға мынадай кезеңдерден өту қажет:

1

Электр энергиясын пайдалану қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 11-тармағына сәйкес электр желілеріне қосылуға техникалық шарттар тұтынушыға еркін нысандағы өтініш және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электр желілеріне қосылуға техникалық шарттар беруге арналған өтінішке сауалнама парағы (бұдан әрі – сауалнама парағы) негізінде беріледі.

Электр қондырғыларының белгіленген қуаты 5 МегаВатт және одан жоғары тұтынушылар сауалнама парағына жобалау қызметімен айналысуға лицензиясы бар мамандандырылған жобалау ұйымы әзірлеген тұтынушының сыртқы электрмен жабдықтау схемасын қоса береді. «Тұтынушының сыртқы электрмен жабдықтау схемасының» мазмұны осы Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген. Тұтынушының сыртқы электрмен жабдықтау схемасы желілеріне қосылу жоспарланып отырған энергия беруші және (немесе) энергия өндіруші ұйыммен келісіледі.

Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан еркін нысандағы өтінішті алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қосылуға техникалық шарттарды тұтынушыны қосу схемасы бар, жасалған және қол қойылған электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін бөлу актісімен бірге береді

2

Тұтынушылардың электр қондырғыларына кернеу беру мынадай тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі:

  1. құрылыс-монтаж ұйымы (заңды тұлғалар үшін) немесе тұтынушы (жеке тұлғалар үшін) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға техникалық шарттардың орындалғаны және электр қондырғыларына кернеу беруге дайындығы туралы хабарламаны (еркін нысанда) және Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрмен жабдықтау шартын акцептеу туралы өтінішті осы Қағидалардың 4-тармағының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында немесе 4-1-тармағының 1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып жібереді;
  2. энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым:
  3. хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде сыртқы қосылуды және орындалған жұмыстардың берілген техникалық шарттарға сәйкестігін тексереді;
  4. хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тұтынушылардың электр қондырғыларына кернеу береді, электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалайды, сондай-ақ электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалау актісін береді;
  5. электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалау актісі берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тұтынушы таңдаған энергиямен жабдықтаушы ұйымға осы Қағидалардың 4 немесе 4-1-тармақтарында көрсетілген құжаттарды жібереді.

Бұл ретте энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым жасаған электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісінің көшірмесін және техникалық шарттардың көшірмесін энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйымның өзі дайындайды.

Айта кету керек, энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым Қағидаларда көрсетілмеген құжаттарды талап етуге құқылы емес.

Электрмен жабдықтау шарты тұтынушы таңдаған энергиямен жабдықтаушы ұйыммен тұтынушы қосылған желіге белгіленген тәртіппен алғаш рет іс жүзінде қосылған сәттен бастап жасалған болып есептеледі.

Қағидалардың 13-тармағына сәйкес техникалық шарттарды бергені және қайта ресімдегені үшін ақы алынбайды, осыған байланысты энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйымның тұтынушыдан техникалық шарттарды бергені немесе оларды қайта ресімдегені үшін ақы төлеуді талап етуі заңсыз болып саналады. Мұндай фактілер болған кезде тұтынушы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органға жүгінуге құқылы.

Сондай-ақ Қағидалардың 18-тармағына сәйкес техникалық шарттарда көрсетілген талаптармен келіспеген жағдайда тұтынушы энергетикалық сараптама жүргізу үшін сараптама ұйымына жүгінетінін атап өткен жөн. Сараптама ұйымы тұтынушының өтініші бойынша энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйымға жүгінген кезде энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым барлық сұратылған мәліметтерді ұсынады.

Тұтынушы техникалық шарттарда көрсетілген талаптардың негізсіздігі туралы энергетикалық сараптама қорытындысы негізінде энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға техникалық шарттарды алуға еркін нысандағы өтінішті қайта береді.

Техникалық шарттарда көрсетілген талаптарды өзгертуден қайта бас тартылған жағдайда тұтынушы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның әрекеттеріне Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасайды.

Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйымның техникалық шарттарды беруі энергия беруші ұйымның электр желілеріне немесе энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларына қосылудың техникалық мүмкіндігі болған жағдайда жүзеге асырылады.

Желілер немесе қосылудың техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайда энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым техникалық шарттарды жобаланатын желілердің иесімен келіскеннен кейін жобаланатын желілерден береді.

Бұдан басқа, Қағидалардың 14-тармағына сәйкес энергия беруші ұйымның өз интернет-ресурстарында электрмен жабдықтау желісіне қосылу және техникалық шарттар беру процесіне арналған бөлімі болуға тиіс, ол мыналарды қамтиды:

  • электрмен жабдықтау желілеріне технологиялық қосылуға арналған бөлімді әзірлеу;
  • қосалқы станциялардың жүктемесі туралы ақпаратты кемінде 3 айда бір рет орналастыру.

Бұл ретте «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 301-1-бабының 2-тармағына сәйкес құжаттарды қабылдаудан және (немесе) электр және жылу желілеріне қосылуға техникалық шарттар беруден бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Барлық жарияланымдар